Франчайзинг — шағын кәсіпкерлікті дамыту түрі. Франчайзинг дегеніміз не


Франшиза деген қандай бизнес?

Франшиза деген қандай бизнес?

Франшиза – қолданыста жүрген танымал брендтің, сауда белгісінің тауарын, жұмысын, қызмет түрін коммерциялық мақсатта таратуға рұқсат алу. Франчайзинг – бұл бизнес ұйымдастырылуы тізбегі, бренд иесі жеке тұлғаға немесе компанияға, яғни франчайзиге өз өнімін сатуға, таратуға, құқық береді. Отандық сауда айналымдағы әлемдік танымал брендтердің барлығы (оның ішінде қазақстандық маркалар да бар) сауда белгілер: тұтыну тауарлары, киім-кешек, автокөліктер, азық-түлік, тіпті компьютер ойындары мен кинофильмдер франшизаға жатады. Бір сөзбен айтқанда келісімшарт арқылы жергілікті кәсіпкерлер шетелдік және отандық өнімді отандық нарықта сата алады. 

Франшизаның ұтымды тұстары  

Шетелдік франшиза – жергілікті кәсіпкерлер үшін бағыт-бағдар, идеялар мен үлгі алу алаңы. Кәсіпкерлікке қабілеті бар іскер адамдар шетелдік бизнес жобалардан керегін алып, отандық нарыққа икемдеп, жаңаша қалыптастыра алады. Қазақстанда шетелдік франчайзингтің болуы ішкі экономикаға жақсы әсер етеді. Әлемнің брендке айналған сапалы тауарларын, бизнестегі қызмет көрсету түрлерін күнделікті көру, күнделікті тұтыну арқылы сапалы дүниеге сұраныс өседі. Мұндай талап жергілікті франшиза компанияларға қойылса, олардың жұмыс істеуі, қызмет көрсету секторы дамиды. Белгілі бір бизнес түрімен айналысу үшін жақсы бизнес-жоспар, жүйелі сызба құру қажет. Бұл – бизнестің іргетасы. Ал франшиза арқылы жаңадан жоспар құрудың қажеті жоқ, өйткені барлығы қадам-қадам бойынша тізбектелген, дайын жоба түрінде саудаланады. Кәсіпкер франшиза мен франчайзи арасындағы келісімшартта екі тараптың құқықтары, міндеттері, арнайы жеңілдіктер мен франчайзидің талаптары жазылады. Көбінде жолға қойылған франшиза бизнесі бірден алға басады. Әдетте тауарына алғашында ғана жарнама, хабарландыру жасау жеткілікті. Жақсы, сапалы  әрі әлемде танымал брендтің тұтынушылары өздері-ақ ағылады. Мәселен, «Старбакс» пен «Макдональдс» секілді брендтердің елімізде ашылып, жұрттың соларға ағылуы сөзімізге дәлел. Сондықтан франшиза өнімі қысқа мерзімде өзін ақтай алады.

Отандық франшиза сұраныста ма? 

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліментінше, Қазақстандағы нарықта отандық франшизалық компанияларының үлесі 20%-ды құрайды. Қауымдыстықтың алдағы жоспары бойынша отандық франшизалардың үлесін арттыру көзделген.   Неге шетелдік брендтер нарыққа төзімді? Ең алдымен алпауыт елдер тауарларына жарнама жақсы жасалады. Екіншіден,   шетел тауарлары бірнеше маңызды өлшемдерге жауап береді. Тауарлар сапалы, арзан және көздің жауын алардай сан алуан. Қазақстандық кәсіпкерлердің басты бәсекелестері Ресей, Қытай және Америкадан келген франшизалар. Сондай-ақ, нарықта Еуропа елдері, Түркия, Аустралия, Израиль, Жапония өкілдері де бар.  Қазақстан секілді жас мемлекет үшін бұл ортада қалыптасу уақыт еншісінде. Бүгінде франшиза көлемі бойынша Азия мемлекеттері жетекші позицияларға ие. Дамушы елдер өздерінің франшиза үлестерін көбейтумен айналысып келеді. Мәселен, Бразилия ішкі франшиза үлесін 90%-ға жеткізді. Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәлімдеуінше, бүгінгі 20 пайызды алдағы уақытта 2-3 жыл ішінде  50%-дық көрсеткішке өсіру көзделген. Қазіргі таңда отандық франчайзингтің жылдық табысы 3 млрд теңге межесіне жетіп қалды. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Даму» қорының бастамасымен, франчайзингтік және франшизалық бизнесті екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру қолға алынды. Кәсіпкерлерге 3 млн-нан 30 млн-ға дейін 14%-дық несие қарастырылған. 

Осы бағыттағы барлық түйіткіл мен мәселелер бойынша «Атамекен» ҰКП мен «Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы»  бірлесіп жұмыс істеуге кірісті. Франшизалық өнімдер бойынша тұрақты түрде өткізілетін «KazFranch» көрмесі бар. Көрме арқылы Қазақстанмен  шетелдік серіктестер арасындағы байланыс пен ынтымақтастық артатыны сөзсіз. «KazFranch» мақсаты –  Қазақстанда шағын және орта бизнестің сапалы дамуына ықпал ету, франчайзинг саласына қатысушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Бұл бағытта Қазақстанның Сыртқы сауда палатасын да атап өтуге болады. Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасында келіссөздер ұйымдастырады. 

«Қазақстандағы франчайзинг қарқынды дамып келеді, жергілікті нарықта шетелдік және отандық брендтердің көптігі осыған себеп. Кез келген кәсіпкер үшін франчайзинг өте тиімді, жаңа нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ, дайын, жолға қойылған сызбамен жүмыс істейсің.  Қазіргі таңда Қазақстанда франшизамен жұмыс істеген тиімді, бизнесті басынан бастау көп тәуекелдер мен қаржыны талап етеді, оның үстіне сапалы жұмыс күші де өте қымбат. Сондықтан да болар отандық өнімнің бағасы тым жоғары болып жатады. Халықтың өзі де атақты сауда маркаларына үйір келеді, мәселен бұл әлемдік бренд немесе ол брендті танымал жұлдыз тұтынатын болса, сұраныс артады. Франшиза болсын, басқа сауда түрі болсын ортақ басты мәселе бар, ол орын-жайлардың жалға алу құнының қымбаттылығы, сонымен қатар франшизалардың шартты бірлікке (долларға) байлануы кедергі. Өнімді доллармен алған соң дүкендердің үнемі баға көтеріп тұруы бекер емес», – деп өз бөлісті әйелдерге арналған «Isabel Garcia» атты италиялық брендтің Қазақстандағы ресми өкілі, кәсіпкер Дана Есеева. 

Тиімділігі жоғары франшизалар 

Қазақстан нарығындағы шетелдік франшизалар негізінен киім-кешек пен азық-түлік секторына тиесілі. Азиялық опа-далап, балалар мен жаспөспірімдерге арналған оқыту, тілдік бағдарламалар, (оның ішінде ментальды арифметика), туристік фирмалар, мейрамханалар мен қонақ үй шаруашылығы, медициналық орталықтар, экологиялық таза өнімдер франшизаларының тиімділігі жоғары.    

Франшиза қанша тұрады? 

Бүгінде Қазақстан нарығында франшизаны сатып алу үшін кемінде шамамен 1 млн теңге қажет. Брендтің танымалдылығына қарай бұл көрсеткіш өсе береді. Мәселен «Coca-cola», «McDonalds», «Baskin Robbins», «Adidas», «Benetton» секілді танымал брендтердің франшизасы миллиондаған теңге тұрады. Франшизаны басқа да бизнес-жобалар секілді біліктілік пен тәжірибе арқылы жүзеге асыруға болады. 

Егер осы салада бизнес ашқыңыз келсе... 

Ең алдымен франшиза түрін таңдау керек. Франшиза – бұл тауар, оны таңдауға жоғары мән беру абзал. Бүгін нарық ұсынған ауқымдылықта франшиза сатып алушы мамандығына, жанына жақын саланы таңдап алуға мүмкіндігі бар. Осы саладағы білімді арттыру үшін түрлі семинарлер мен тренингтерге маңызы жоғары. Нарықта дайын франшизаларды саудалап отырған делдал компаниялар жеткілікті. Олар тұлғаның қаржысы есебінен оның бизнесіне оңтайлы франшиза тауап беріп қана қоймай, қысқа мерзімде табыс әкелетін ТОП-тағы брендтерді анықтап береді. Сонымен қатар нарықта шетелдік алып-сатар компаниялар көп.  Брендті ары қарай дамыту, сату, пайда табуды оқытады, өздерінің клиент табу базасының қызметін қоса ұсынады. Алайда бұл қызмет тұлғаның қалтасын қағуы мүмкін. Кез келген жаңа нәрсеге, әсіресе бизнеске аса үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Белгілі бір франшизаны сатып алмай тұрып, оның жергілікті жерге бейімділігін, георгарфиялық ерекшелікті саралаған жөн. Бизнес-жобасын іске асыруға дейінігі сауалнамалар, мониторинг, бәсекелес орта, нарық көлемін зерттеу қажет. 

Әлия Кемелбекова

massaget.kz

Франшиза дегенім не және оның тиімді жақтары?

Франшиза дегенім не және оның тиімді жақтары?

Сәлем, құрметті достар.

Бүгінгі тақырыпта қазіргі уақытта кеңінен танымал болып келе жатқан жүйе, яғни франшиза туралы әңгіме қозғайтын боламыз және оның тиімді жақтары мен тиімсіз жақтары туралы да бірер сөз болады.

Әрі қарай кіріспен бұрын бірінші: Франшиза деген не? Сол туралы айта кетейік.

Франшиза – қандай да бір, атағы бар брендті, заңды түрде өндіруге немесе сол сияқты мақсаттарда қолдануға рұқсат алу. Мысалы Doner – ді кез-келген ірі, тіпті шағын қалалардан да кездестіруге болады, бірақ ол басқа елге, қателеспесем Америкалық бренд, дегенмен кез-келген қалада ашуға болады, яғни солардың логотипін, ас дайындау мәзірін, тағы да атын пайдаланып. Бұл дегеніміз франшиза деп аталады.

Франшизаның басты артықшылықтарының бірі, жаңадан бизнес бастаушыларға тиімді, себебі барлығы ойластырылған жүйені, сатып аласыз да жұмысыңызды бастап кетесіз. Дегенмен мен өзім бұнымен айналысып көрген жоқпын.

Иә, бизнес жоспарға ұқсауы мүмкін, бірақ көптеген франшизада балығы ойластырылған. Мысалы McDonald – тың франшизасын сатып алатын болсаңыз, тағымның қандай өнімдерден, тіпті нені қанша уақыт қуыру керек, ойластырып қойылған және бұны қадағалап отырады.

Басты артықшылығы деп отырғанымыз да осы, сіз ешқандай бизнес жоспарлармен басыңызды қатырмай, бірден жұмысты бастап кететін боласыз.

Франшизаның қандай тиімді жақтары бар?

Айтып өткенімдей, франшизаның басты артықшылығы, жоспарлы түрде ойластырылған болғандықтан, сізде көп мәселе туындамайды.

Екінші артықшылығы атақты брендтермен жұмыс жасауға болады. Егер қаласаңыз, сіздің де жаңа бренд жасауыңызға мүмкіндік бар, дегенмен оның ешкім білмейді, танымайды, сондықтан оны дамытуға біраз уақыт кетеді.

Ал атақты бір фирманың немесе компанияның франшизасын сатып алатын болсаңыз, бұндай мәселе туындамайды.

Тағы бір жақсы жағы, көптеген сала бойынша франшиза табуға болады. Мысалы өндіріс саласында көптеген франшизалар бар, қонақ үй саласы, мейрамхана ісі боласын, біраз түрін табуға болады.

Үш негізгі дегенмен екі артықшылығы осы, айтып отырғандармыз.

Қандай кемшіліктері бар?

Сізге ыңғайсыз болуы мүмкін бірнеше кемшіліктерін айта кеткеніміз дұрыс болады, егер франшизамен айналысқыңыз келетін болса, сіздің біліп жүргеніңіз дұрыс.

Франшиза тегін емес, оны сатып аласыз. Кез-келген атақты фирмаларға тиесілі франшизаларды қарайтын болсаңыз, бағасы ең жоқ дегенде 200 мың теңгеден басталады, әрине осы блог жазылған уақыттағы курспен.

Сіз сол франшизаның иесіне тәуелді боласыз. Бұл дегенім мынау, сіз табысыңыз, келісімшартта көрсетілген көлемін  франшиза сатып алған орынға беріп отырасыз.

Сізді қадағалап отырады. Түсінікті болуы үшін McDoland – тың франшизасын алайық. Егер сіз осы аталған компанияның франшизсын сатып алатын болсаңыз, сізге дайындалатын астың құрамы қандай болуы керек, қандай ыдыс қай жерде тұруы керек, енді білмедім бұдан да басқа өздерінің стандарттары бар. Қысқасы сіз осы талаптарды орындауыңыз керек. Егер талаптар бұзылған жағдайда келісімшарты тоқтатылуы мүмкін, бұл дегеніміз сіздің бизнесіңіз де тоқтайды.

Мен сізге айтайын, бұны біз кемшілік ретінде қарастырып отырғанымызбен, дұрыс жағынан жасалған. Мысал сізді қадағалап отырмайтын болса, өнім құрамы өзгеріп кетуі мүмкін, бұндай жағдай да, сізге емес, сол бренд тиеслі компанияға сөз келеді, тіпті атағына нұқсан келуі мүмкін.

Франшизаны айналымға, басқа да кәсіпкерлерге қолдануға рұқсат беріп айналымға шығару, көзсіз ерлік. Себебі бұл компания тағдырын өзгертіп жіберуі де әбден мүмкін. Сондықтан оларға да түсініктікпен қараған дұрыс.

Франшизаның компаниялар үшін

Мен жоғарыда ғана айтып өттім, бұл жаңадан бизнес бастаушыларға пайдалы деп, ал енді өндірісін кеңейткісі келетін бизнесмендерге қандай пайдасы бар, айта кетейік.

Ірі бизнесмендерге франшиза арқылы пайда табудың ең тиімді жолдары, оны айналымға салып  сату және әрбір сатып алушыдан түсетін, пайыздық мөлшерлеме. Негізі жоғарыдағы ақпаратты түсініп оқыған болсаңыз, ірі бизнесмендерге пайдалы жағы бірден түсінген боларсыз.

Сатылымнан түсетін табыс дегеніміз – фрнашизаны қолдану үшін, бір рет оны сатып алуыңыз қажет, сол табыс франшизаны сатып отырған орындарға тиімді.

Пайыздық мөлшерлеме дегеніміз – франшизаны сатып алғаннан кейін, өз ісін бастайды және содан табыс түседі, сол табыстың белгілі бір мөлшерлемесі франшиза тиесілі компанияға аударылады. Мысалы франшизаны сатып алғаннан кейін, 1000 0000 теңге табатын болса, 5% аударды деп есептейтін болсақ, 50 000 теңге франшизаны сатып алған компанияға аударады.

Сіз ойлауыңыз мүмкін: “Франшизаны кім сатып алады?” – деп. Негізі орынсыз сұрақ, себебі әлемде франшизаның қолданылу аясы кең және қазіргі кезде бұған қызығушылық жақсы. Мысалы маған айтыңызшы, өзіңіз тұратын қаладан немесе шағын қалалардан, Донер немесе McDonald – тың логотиптерін байқадыңыз ба? Жоқ, деп айтатын тек шағын ауылдық жерде тұратын дар деп есептеймін, себебі бұларды үлкен қалалардан, шағын қалаға дейін жолықтыруға болады. Ол бұның бәрі, жәй ғана – фр-ан-ши-за.

Егер тұратын қалаңыздан осыларды байқасаңыз, бірден франшиза деп ойласаңыз болады.

Бұдан басқа тағы да мысал келтірейін. Мысалы Coca-cola, басқа елге тиесілі бренд, бірақ дүкеннен сатып алып, сыртына көз жүгіртетін болсақ, Қазақстанда жасалған деген жазуды байқауға болады. Сонда бұл не? әрине – франшиза.

Жалпы қорыта айтатын болсақ, франшиза жаңадан бизнес бастаушылар үшін де, нарықта белгілі бір орны бар компаниялар үшін де тиімді болы тұр.

Келесі жазбада кездескенше.

ertai.kz

Франчайзинг – бизнесті жүргізу формасы

Сұрақтар:

  1. Франчайзинг түсінігі, түрлері және пайдалану аясы

  2. Франчайзингтің сипаттамасы, негізгі элементтері

  3. Франчайзинг обьектілерінің жүйесі

  4. Табыс құрылымы

  5. Қазақстанда франчайзингтің дамуы

  6. Франчайзинг жүйесінің артықшылықтары және кемшіліктері

  1. Франчайзинг түсінігі, түрлері және пайдалану аясы

Франчайзинг – ірі және шағын кәсіпкерліктің араласқан формасы, жалға беру, сату-алу, подряд, уәкілдік элементтерін біріктіретін өзара тиімді серіктік қатынастар жүйесі, бірақ заңды тұлға статусындағы шаруашылық субьектілерінің келісімдік қатынастарының дербес формасы болып қала береді. Яғни, франчайзинг жағдайында серіктерінің бірі сауда маркасын, бизнесті жүргізу технологиясын және тұрақты кеңес берумен айналысса, екіншісі – аталған интеллектуалды меншікті өз бизнесін құру мақсатында пайдаланады.

Ірі (корпорация, фирма т.б.) және шағын кәсіпорындардың өзара қатынасы франчайзер (ірі кәсіпорын) мен франчайзи-оператор (шағын кәсіпорын) арасындағы франчайзинг келісім-шарты негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шартта франчайзер (компания) шағын фирманы өз тауарларымен, жарнамалық қызметпен, бизнестің дайын технологиясымен қамтамасыз етуге міндеттеме алады. Ал франчайзи (фирма) франчайзерге жергілікті жағдайларды ескеріп менеджмент және маркетинг аясында қызмет көрсетуге, өз қаражатының бір үлесін компанияға құюға міндеттеме алады. Сонымен қатар франчайзи іскерлік қатынастарын тек ғана компания-франчайзермен жүргізуге және бизнесін франчайзердің предприсаниясына сәйкес жүргізуге міндеттеме алады.

Франчайзер – бизнесті жүргізу құқығын (франшиза) беретін тұлға. Көбіне мұндай компанияның тиісті өнім өндірісінде көп жылдық тәжрибесі болады, дамыған бизнес жүйесіне өз атын және тауар белгісін береді және табысқа қандай жағдайларда жетуге, қандай жағдайларда зиян шегетіндігі туралы білімі болады.

Франчайзи – бизнес жүргізу құқығын (франшиза) франчайзердің атымен немесе сауда маркасымен сатып алушы, яғни табысқа жете алатын жаңа кәсіпорын ашу мүмкіндігін алады.

Франшиза – франчайзердің сауда маркасымен жұмыс істеу құқығы, бизнесті жүргізу және ұйымдастыру технологиясы, бизнеске кеңестік, маркетингтік және т.б. қолдаулар.

Интеллектуалды меншік – франчайзер дайындаған және келісім-шарт жасалғаннан кейін франчайзиге берілетін эксклюзивті ақпарат. Ақпараттың негізгі мақсаты – франчази бизнесінің қалыптасуына көмек көрсету. Интеллектуалды меншік барлық жағдайларда патентпен қорғалмайды, мұндай жағдайда ноу-хау деп аталады.

Франчайзи франчайзердің атын және сауда маркасын нарықта пайдалану құқығына бір жолғы төлемін (орташа 10-20 мың доллар, немесе төменірек, немесе біршама жоғары болуы мүмкін) жасайды; негізгі қорларға күрделі қаражат құяды, франчайзердің сауда маркасын жарнамалауға тағайындаған тұрақты төлемін өтейді. Төлем саудадан түсімнің 1-5% деңгейінде болуы мүмкін. Франчайзер сонымен бірге франчайзидің ағымдық сату көлемінің жобамен 2-3% немесе одан да көбірек мөлшерінде қаражат аударуын талап етеді. Мысалы, «Макдональдс» компаниясына франчайзилері түсімінің 12% аударады.

Франшиза құны – франчайзердің сауда маркасын, бизнестің «құпия» рецептерін және технологиясын пайдалану лицензиясына 1 рет төленетін франчайзидің алғашқы төлемі. Төлем келісім-шарт құруда жасалады. Кейбір жағдайларда әсіресе бизнестің алғашқы кезеңдерінде төлемнің болмауы да мүмкін.

Франчайзер-компанияның:

операторға қызметі

операторға талабы

сауда маркасын пайдалану құқығын беру

түсімнен тиісті % немесе тұрақты төлем жасау

қаржылық көмек

сапалық стандарттарды бұзбау

кәсіпорынды басқару көмегі

іскерлік қатынастарды сақтау

мамандарын дайындау

минималды инвестиция құю

тауарларын көтерме бағамен сату

Оператор-франчайзи өз бизнесін басқа операторларға тек франчайзердің келісімімен ғана сатуға немесе жалға т.б. жағдайларда бере алады, егер аталған жағдай келісім мерзімінің соңына дейін болған жағдайда.

Франчайзер келісім-шартының күшін тек келісімде көрсетілген себептерде ғана жоя алады, яғни оператор:

  • жоспарлы пайдасын алмаған жағдайда

  • клиенттеріне нашар қызмет көрсету арқылы басқа сауда орындарының имиджіне көлеңке түсірген жағдайда

  • франчайзерге қызмет барысының ай сайынғы немесе күнделікті есебін уақытында бермеген жағдайда

  • франчайзердің атын қондырғыларын заңсыз пайдаланған жағдайда

  • франчайзермен қарым-қатынаста болу қабілеттілігінің болмауы

Франчайзинг түрлері:

  1. тауарлы

  2. өндірістік

  3. іскерлік

Тауарлы франчайзинг – оператор-франчайзи басқарушы компаниядан сауда маркасын пайдаланып тауар сату құқығын (лицензиясын) сатып алады.

Өндірістік франчайзинг – франчайзер франчайзиді қондырғылармен қамтамасыз етеді, ал франчайзи оның сауда маркасымен өзі өндірген тауарын сатады. Мысалы, алкогольсіз сусындарды өндіру және сату бойынша бизнес жүйесі: Coca-cola, Pepsi және т.б.

Іскерлік франчайзинг – франчайзингтің көп тараған әдісі, яғни франчайзер жеке тұлғаларға немесе компанияларға франчайзердің атымен тұтынушыларға өнімдер сату және қызмет түрлерін көрсету мақсатында дүкен, киоск, немесе бір топ дүкендер ашу құқығына лицензия сатады.

studfiles.net

Лизинг, франчайзинг мәні мен оның түрлері

Лизинг

Лизинг бұл бір жағынан инвестициялық қызмет түрі болса, екінші жағынан жалдың (аренданың) ерекше түрі болып табылдаы. Бірақ жалдан айырмашылығы лизинг алушы лизинг затын болашақта өз меншігіне өткізу құқығына ие бола алады. Лизингті арқасында кәсіпкер немесе кәсіпорын өндіріске қажетті құралдарды ірі капитал салымын жасамастан уақытша пайдалануға мүмкіндік алады.

Лизингтік операцияға негізінен үш қатысушы қатысады. Олар:

  1. Лизинг беруші (лизингтік компания)

  2. Лизинг алушы.

  3. Лизинг нысанынан сатушы.

Лизингтік компания немесе лизинг беруші – бұл кәсіпорындарға машиналар мен құрал-жабдықтарды (лизинг затын) жалға беруші мамандырылған мекеме (жеке тұлғалар сирек кездеседі). Басқаша айтқанда, лизинг беруші – тартылған (қарыздық) ақша немесе өз ақшасына лизинг затын (нысанасын) өзінің меншігіне сатып алатын және оны лизинг шарты бойынша лизинг алушыға беретін лизингтік мәмілеге қатысушы.

Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы немесе заты бола алады. Тұтынылмайтын заттар деп пайдаланылған кезде тозатын, бірақ пайдалану процесінде табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлікті айтамыз.

Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Лизинг алушы – лизингтік келісімшарттарына сәйкес кәсіпкерлік мақсатта лизинг нысанасын (затын) алатын лизингтік мәмілеге қатысушы.

Сатушы – лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты немесе лизинг шарты негізінде (оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында) лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы.

Лизинг беруші лизинг затын лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға береді. Қарапайым сөзбен айтқанда, лизингтік компанияның міндетті өз клиенттеріне қажетті лизинг затын алдын ала келісілген бағаға белгілі бір мерзімге жалға беру. Жалға беру мерзімі біткеннен кейін жалға алушы (лизинг алушы) материалдық құндылықтарды қайтарады, не болмаса жаңа мерзімге ұзартады немесе қалдық құны бойынша сатып алады. Лизингтің пайдасы жалға алушыға жаңа техникалар мен технологияларды сатып алу үшін үлкен қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Бұл шағын жән орта кәсіпкерлік субъектілері үшін едәуір тиімді.

Лизингтің субъектілері тікелей және жанама қатысушыларға бөлінеді. Тікелей қатысушы лизингтік компаниялар, өндірістік, сауда және көлік кәсіпорындары жатқызылса, жанама қатысушыларға лизинг берушіге кредит беретін коммерциялық және инвестициялық банктер, сондай-ақ мәміленің гранты ретінде шығатын сақтандыру компаниялары, делдалдық және брокерлік фирмалар.

Лизингтің мерзімі құрал-жабдықтың пайдалы қызмет ету мерзіміне, амортизация кезеңіне, инфляциялық үрдістер динамикалық т.б. байланысты белгіленеді.

Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңында лизингтің екі нысаны, яғни ішкі және халықаралық нысандары анықталған. Сонымен қатар лизингтің келесі түрлері көрсетілген: қайтару лизингі, банк лизингі, толық лизинг және таза лизинг.

infourok.ru

Франчайзинг — реферат

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік  іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге  бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті  қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық  түрде болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі  мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консурциум – бұл ірі қаржы  операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін  тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету  бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс  мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
  6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
  7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

 

 

 

 

 

1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні  және түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету  үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік  жоба жасауға істі жетік білетін  кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау  алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің жұмыс тапсырушы  мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен  байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің  өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел – бұл  кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл  кәсіпорынның өзінің және сатып алған  құнды қағаздарының құнсыздануы  арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент  ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

  1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
  2. Айқындалған факторларды талдау.
  3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

  1. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
  2. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
  3. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

  1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
  2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
  3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.
  4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
  5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
  6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.

 ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту

.2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны

 

Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мұраттары франчайзингтің арқасында  шынайылыққа айналуда. Франчайзинг XX ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты, бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерде елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да франчайзинг XXI ғасырдың ұғымды, оңтайлы іскерлік модель үлгісі болмақ.

Бүгінгі франчайзинг  – өздерінің арман-мақсаттарына берілген және оны іске асыруда, франчайзинг  иесінің атауымен өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты  реттелінген индустрия іспетті. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талапты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады.

Экономиканың  қазіргі заманғы жағдайы, оның интернацио-ландырылуы бизнестің біріккен формасының қалыптасуының  ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шартталынады. Ерекше қарастырсақ, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеу шартында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне бағыттау арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда.

Осындай себептерге байланысты бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік формасының қалыптасуы мен дамуының ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу  басымды бағыт болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік  қызмет жағдайларымен байланысты.

«Франчайзинг» сөзі ағылшын терминінен аударғанда қан-дай да бір қызметті жүргізудегі еріктілікке құқықты анықтау мағынасын білдіреді. Орта ғасырларда мұндай артықшылықтар-ды кез келген тұрпаттағы коммерциялық қызметке франшизаны беру жолы арқылы корольдер иемденген. Франчайзинг (ағылш. franchising – құқық, ерекшелік) кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде, ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар сауда-саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген территорияда өзара шартпен анықталған бір мерзімге және белгілі бір шартта қызметтерді ұсынады.

«Франчайзинг» терминінің екінші балама түсінігі француздың «franchise» – жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені – АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «МС Donald’s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.

Дамыған елдерде  франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі  қызметтерге деген қажеттіліктерін  қанағаттандырудың құралы ретінде  жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Көптеген Ресей  және шетел франчайзерлері өздері үшін жаңа кеңістіктерді іздестіру барысында XXI ғасырдың басында тұрақты экономикалық серпіліс пен соған орай төлемге  қабілетті сұраныстың сиректігіне  айналған Қазақстанға назарын аударуда. Бөлшек сауданың қарқынды дамуы (нарықтағы жыл сайынғы киімдердің өсімі – 20%) сонымен қатар тұрақты саяси жағдайларға, дамыған банктік жүйе мен ірі мультибрэндтік орталықтардың жылдам таралымын көбейтуге мүмкіндік туғызады.

Елді сөзсіз қамшылаған және өзінің интернационалдан-дырылған «аю бұрышының» ғасырлар бойғы өркениетті орталығынан қолы үзілген қазақстандықтардың алып ұшпа көңілі ұмтылысынан эксклюзивтік шикізат табыстары мен онда құрылған ақшаның салыстырмалы түрде қайта артылуы Қазақстан Республикасын қайта өзгертті. Бір кезде Ұлы дала деп аталған оның кең байтақ территориясы әлемдік және ресейлік алпауыттар үшін басымдық негіздегі қызығушылық болып қалыптаса береді. Әрі Қазақстандағы ресейліктердің артықшы-лығы географиялық жақындығынан, тілдік кедергінің жоқтығы-нан және тұрғындардың менталитетінің ұқсастығынан тұрады.

Франчайзингтік  қатынастар бұл жылдам өспелі сегмент, ол егжей-тегжейлі талқыланбаған, әлсіз  қамтамасыз етілген заңды базамен  реттелінеді. Ол өзі арқылы кешенді кәсіпкерлік лицензия деп аталатын заңдарды және интеллектуалды жеке меншікті қорғау туралы заңдарды және сонымен қатар Азаматтық кодексі арқылы реттеледі.

Қазақстан Республикасының  «Кешенді кәсіпкерлік лицен-зия  туралы» (франчайзинг) № 330-2 Заңы 2002 жылы 24 маусымда қабылданған болатын. Ол мемлекеттік аппаратты франчайзингтік қатынастарды қолдау және дамыту жөніндегі арнайы бағдарламаларды талдауға, олардың субъектілеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсынуға, нормативтік актілерді жетілдіруге, интеллектуалдық меншікке деген айрықша құқықты қорғауға бағыттайды. Патерналистік мемлекет тіпті өзіне «кешенді кәсіпкерлік лицензиясы келісімшарты бойынша лицензиармен берілетін айрықша құқықты сақтау үшін» бақылау функциясын да өз мойнына алады. Дегенмен, тәжірибеде, әлемнің барлық жеріндегідей, ол ең алдымен серіктестердің өздері келісетін ісі. Және де келісімге келмей жатып олар құзыретті мемлекеттік органдарға қарайды. Және әйтсе де: интеллектуалды меншіктің көптеген объектілеріне деген франчайзерлердің айқын құқығы тек олардың Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін шығады және осы сәтті елемеудің қажеті жоқ. Шаруашылық субъектілері даулы мәселелерде оларды қандай да бір дәрежедегі өзінің беделімен «шешетініне» және сондай-ақ франчайзингтің қазақстандық ассоциациясымен байланысына сеніп қалуы да мүмкін. 2002 жылдың ақпанында заңнамалық базалардың дәрменсіз жағда-йында, франчайзингтің қазақстандық ассоциациясы барлық елеулі тартыстарды интеллектуалды меншіктің Дүниежүзілік ұйымының Халықаралық арбитраж орталығындағы жасасқан келісімшарт негізінде шешуді ұсынады. Бұл орталықта пайда болған тартыстарды орыс тілінде қарастыру мүмкіндіктері бар.

Егер де франчайзер мен франчайзидің мүдделері тұрғысынан шаруашылық сферасын реттеуші заңдар жинағын тұтас бағалауға талаптанып көретін болсақ, біріншісінің құқығы көбірек, ал екіншісініңкі – міндеттмелер болып табылады. Әйтсе де көп нәрсе, әрине, өздерінің арасындағы келісімшарттарды талқылауға байланысты. Бірақ ең бастысы – заңдылықтардағы басқа да ақаулар қалай болғанда да бірте-бірте түзеледі, ал қабылданған заңдарды орындаудың өзінде кемшіліктері болады. Коррупция деңгейі, соның ішінде жоғары дәрежелі шенеуніктердің арасында да төтенше деп айтуымызуға болады. Кейде бір-біріне қарсы келетін рулық үш жүздің ішінен біреуіне тиісті қазақстандық элиталардың әулеттік ұйымы көп мәнді жобаларды іске асыруда күтпеген қиыншылықтарға алып келеді. Франчайзингтік келісімшарттар ұлттық заңдылықтар мен жергілікті жағдайларға бейімделе бастаған шақта (ал бұл уақыт таудың арғы жағында емес) және «екі жақты есеп» пен құқықты иеленуші интеллектуалды пайдаланымының ұрлығы мәселелерін орындап шығуға мүмкіндік бере бастаған кезде франшизалар Ұлы Даланы қалыңдата жауып тастайды.

myunivercity.ru

Франчайзинг деген не?

12:23, 27 ақпан 2018

106

Сіз дайын тұжырымдаманы сатып алатын болсаңыз, өзіңіздің кәсіпорныңызды ашу кезінде әдетте туындайтын көптеген мәселелер мен тәуекелдерден арашалай  аласыз. Бұл жүйе франчайзинг деп аталады және бүгінгі күні көптеген салаларда қолданылады. Coca-Cola  және  McDonald’s сияқты әйгілі фирмалар өздерінің табыстарын сатудың осы әдісімен байланыстырады.

Жалпы мағынасында франчайзинг — тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді.

Франшизаны сатып алушы кәсіпорын төлем үшін франчайзердің тауарлары мен қызметтерін сату құқығына ие болады, франчайзер аталған өңірде бірде-бір франчайзи мұндай кәсіпорын ашпайтынына  кепілдік береді. Франчайзер нарықты зерттеу немесе калькуляциялауға көмек сияқты маңызды алғышарттарды енгізеді және кәсіпорынның жұмысы барысында іскерлік көмек, консультациялар, жарнама мен білім ұсынады.

Франчайзингтік қатынастар төмендегіні көздейді:

  • Франчайзерге франчайзи бизнесін құруға көмекке жұмсалатын оның шығындарын өтеуге кететін бастапқы салым төлеу. Әдетте бұл бизнеске салынатын жалпы қаражаттың 10 пайызын құрайды.
  • Франчайзинг шартының әрекеті кезеңінде қолдау үшін франчайзерге кезеңдік төлемдер төлеу. Бұл төлемдер роялти деп аталады. Әдетте роялти сомасы франчайзи кірісінің 3-6 пайызын құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz

Хотите пропустить важные события? Не подписывайтесь на наш Telegram-канал.

Достарыңызбен бөлісіңіз:

Тағы да оқыңыздар:

mail.kz

Франчайзинг - шағын кәсіпкерлікті дамыту түрі

Көптеген адамдардың өзіне-өзі қожайын болатыны туралы ойы оларды меншікті іс ашуға итермеледі. Алайда мүмкіндіктер қандай көп болса, тәуекелдіктер де сондай көп. Алғашқы бес жылда жаңадан бастағандардың үштен екісінің кәсіпкерлігі сәтсіздікпен аяқталатыны есептеліп шығарылған. Жаңа істің сәтсіздікке ұшырауының екі себебі бар: 1) кәсіпкер нарық қабылдағысы келмейтін өнім немесе қызмет ұсынуға тырысады; 2) нарық үшін қызықты көрінген өнімнің маркетингпен қамтамасыз етілуі нашар.

Көбінесе бұл екі себеп те мына екі фактордың салдары болып шығады: 1) кәсіпкерлік бақылаудың сенімді жүйесінің жоқтығы; 2) басшылықтың кәсіби дайындығының жетімсіздігі. Тәуекелдік факторларының әсерін азайту жолдарының бірі — ол бірлескен кәсіпорынға қатысу, оның ішінде, нарықта жетістігін көрсетіп немесе нарықта қабылданатын өнім не қызметтер жасап үлгірген, әрі қаржылық бақылаудың сенімді жүйесі мен осы өнім өндірісін құрған франчайзинг түрінде қатысу.

Франчайзинг — соның нәтижесінде кәсіпкер жұмыс істеп тұрған үлкен өндіріс тізбегіне біріге алатын кәсіпкерліктің әдісі. Франчайзинг ұйымдарының халықаралық қауымдастығы (ФҰХҚ) бұл құбылысқа: «… франчайз беруші белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысуға заң тәртібімен құқық беретін, уақыт ішінде жалғасатын өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ франчайз алушыдан сыйақы алу үшін осы қызметті ұйымдастыруда, оқытуда, іске асыруда және басқаруда көрсетілетін көмек», — деген анықтама береді.

Франчайз берушінің өте аз инвестициямен нарыққа тереңірек енуге қол жеткізе алатын қабілеті бар, ал сол уақытта франчайз алушы өзінің кәсіпкерлік қызметін азғантай тәуекелдікпен кең жайып жүргізе алады.

АҚШ-тың Сауда министрлігінің жүргізген есептеулері бойынша, франчайзинг кәсіпорындарының алғашқы бес жылда жабылып қалуы 4% қана екен. Франчайз беруші сараптамалар мен жинақталған тәжірибе арқылы жаңадан басталып жатқан істің сәтсіздіктеріне келтіретін себептердің көпшілігін жоюға мүмкіндік береді.

Франчайзингті екі санатқа бөлуге болады. Біріншісі өнім бөлуді ұйымдастыру ретінде танымал. Бұл санат франчайзингінің мысалы ретінде салқындатқыш сусындар, пайдалануға дайын тағамдар өнімдерін өндіру мен таратуды, сондай-ақ автомобильдер сатуды айтуға болады. Екіншісі кәсіпкерліктің түрі ретінде танылған.

Қонақ қабылдау (қонақжайлылық) индустриясында франчайзингтің екінші санаты көбірек таралған. «Холидей Инн», «Редиссон Хотэлз» қонақүйлері, «Деннис» және «Уэндиз» ресторандары осындай тәсілдің мысалдары бола алады. Франшизаның әр келісім-шартында франчайз беруші франчайз алушыға өзінің нышандарын (символ), «ноу-хауын» және жүйелік қүрылымдарын пайдалану қүқын береді. Әдеттегі талап болып нарықтық стратегияға қатысу саналады. Франчайз беруші кәсіпорынның толық түжырымдамасын немесе жүмыс істеу әдістерін құрса, ал франчайз алушы қолда бар істер мен тәжірибелерді пайдалану қүқын сатып алады. Франчайзинг — ол компания (франчайзер) тәуелсіз адамға немесе компанияға (франчайзи) осы компанияның өнімі мен қызметтерін сатуға құқық беретін бизнесті ұйымдастыру. Франчайзи осы өнімді немесе қызметтерді бизнес жүргізудің алдын ала фразчайзер белгілеген заңдары мен ережелері бойынша сатуға міндеттенеді. Барлық осы ережелерді іс жүзіне асыруға айырбас ретінде франчайзи компанияның атын, оның беделін, өнімі мен қызметтерін, маркетинг технологиясын, сараптама мен қолдау механизмдерін пайдалануға рұқсат алады. Сөйтіп, ережелерді орындау кемшілік емес, керісінше, ережелермен жүру франчайзидің пайда жасай алатын және өзінің салымының пайдалылығын түсінетін тамаша мүмкіндігі бар екенін білдіреді. Ондай қүқықтарға ие болу үшін, франчайзи франчайзерге алғашқы жарна төлейді, содан кейін ай сайынғы жарналарын төлеп отырады. Бұл — жалдаудың өзінше бір түрі, өйткені франчайзи ешқашанда тауар белгісінің толық иеленушісі болмайды, оның жай ғана ай сайынғы жарналарды төлеу кезеңінде тауар белгісін пайдалану құқы бар. Бұл жарналардың сомасы франчайзинг шартында (келісім-шартында) келісіледі, әрі келіссөздер нысанасы болып саналады. Франчайзинг пакеті (бизнес жүргізудің франчайзи беретін толық жүйесі) тиісті кәсіпкердің алдын ала тәжірибесі, білімі немесе осы салада оқығаны болмаса да, өз бизнесін табысты жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Франчайзер — ол лицензия беретін немесе өзінің тауар белгісін, «ноу-хауы» мен операциялық жүйелерін пайдалануға құқық беретін компания. Мысалы, франчайзер табысты өнім немесе қызметтер, айталық, шапшаң тамақтандыру ресторанының ерекше жұмыс стилін құруы мүмкін. Франчайзер бизнесті зерттейді және дамытады, бизнесті алға жылжыту үшін ақша жұмсайды, жақсы бедел алуға ұмтылады және брендинг деп аталатын танымал бедел-мінездеме (сипаттама) қалыптастырады. Компания өзінің бизнес-тұжырымдамасының жұмысқа қабілеттілігін және бұл бизнестің ұдайы өндірілімділігін дәлелдегеннен кейін, ол осыған ұқсас табысты қайталағысы келетін кэсіпкерлерге оның фразшизасын сатып алуды ұсына бастауына болады.

Франчайзи — ол бизнес құрған кезде франчайзерден оқу мүмкіндігі мен көмекті сатып алатын және тауар белгісін, «ноу-хауды», франчайзердің жұмысын жүргізу жүйелерін пайдаланғаны үшін қызметтік ақы (роялти) төлейтін адам немесе компания. Франчайзи бизнес құру шығындарын өзі төлейді. Франчайзердің материалдар, шығыс қаражаты сияқты маңызды шараларға өте тиімді жеңілдіктер беретіні жиі кездеседі. Бұл жеңілдіктер қашанда франчайзидің франчайзерден өнімдерді төменірек бағамен сатып алуына мүмкіндік береді, әрі, сөйтіп, бизнесті франчайзерсіз дамытуға қарағанда арзанырақ болады. Франчайзи алғашқы жарнаны бизнесті құруға және ашуға көрсетілген көмек үшін төлейді. Франчайзи өзіне франчайзер беретін: сауда белгісін, бизнес-жүйені пайдалану, қолдау көру, оқу және кеңес алу құқы үшін ай сайын жарна төлеп отыруға міндеттеме алады. Егер бәрі де жоспар бойынша іске асатын болса, онда франчайзидің бизнесі сәтті жүреді, оның табысы шығындарынан артық болып шығады.

Франшиза — ол франчайзер франчайзиге сататын толық бизнес-жүйе. Осыған ұқсас жүйенің басқа атауы болып, әдетте, жұмыстарды жүргізу жөніндегі оқу қүралдарын және франчайзерге тиесілі басқа да маңызды материалдарды қамтитын франчайзинг пакеті әрекет етеді.

Компаниялар үшін франчайзинг — ол бизнесті тарату тәсілі. Кәсіпкерлер үшін франчайзинг — ол бизнесті иеленушіге айналу тәсілдерінің бірі. Қазақстан тәрізді дамушы нарықтарда франчайзинг кәсіпкерлерді табысты бизнес жүргізу үшін қажет, іс жүзінде пайдаланылатын стандарттарға оқытудың ең жедел тәсілі болып есептеледі. Франчайзинг ірі және шағын бизнестің үйлесімі ретінде сипатталып үлгірген. Бұндай бірігуді, бір жағынан, жеке кәсіпкердің қуаты мен міндеттемесі бар, ал екінші жағынан, үлкен компанияның қорлары, коммерциялық әлеуеті мен үлкен тәжірибесі бар одақ деп атауға болады. Егер осының бәрін біріктірсек, онда біз куат, жауапкершілік, күш, ресурстар мен тәжірибе, яғни табысқа деген үлкен мүмкіндіктері бар орасан үлкен үйлесімге ие боламыз! Дүние жүзінің кәсіпкерлері франчайзингті төмендегілерді орындау үшін қауіпсіз тәсіл ретінде біледі:

— адамның бизнесті дербес жүргізуіне, бірақ ол ісінде жалғыз болмауына жәрдемдесу;

— компанияларға орасан үлкен әкімшілік кешенін құруға және қамсыздандыруға үлкен шығын жұмсамай-ақ, әрі корпоративтік кәсіпорындардың кең желісін басқаруда қиындық көрместен тиімді кеңеюге көмектесу;

— компанияларға өзінің жұмыс істеп тұрған желісін тиімді жұмыс атқаратын, істеріне адал адамдар жұмыс істейтін желіге, мығым бизнеске айналдыруға көмектесу.

Бизнестің кел келген түрін франшизаға айналдыруға болады. Франчайзингтің халықаралық қауымдастығы франчайзинг әдісін пайдалануға болатын шаруашылықтың жетпіс саласын ажыратып көрсетеді. Оларды түгелдей атап шығудың қажеті жоқ, бірақ сіздер франчайзингтің қолданылатын ауқымын: бухгалтерлік есеп, көлік жөндеу, кітап дүкендері, балалардың киімдері және оларды оқыту, құрылыс, шағын азық-түлік дүкендері, косметика тауарларының дүкендері, білім беру, жұмысқа орналастыру қызметтері, ресторандар, қонақүйлер, кір жуу және үй жинау қызметтері, жеке пошта жәшіктері, фотостудиялар, риэлтор компаниялары, туризм және ойын-сауық, арнаулы құрал-жабдықтарды жалға беру және туристік агенттіктер бойынша түсіне аласыздар.

Франчайзингтің өзара қарым-қатынастары екі тарап үшін де пайдалы бола алады. Франчайзи мейлінше аз шығынмен барынша көп сатуға мүдделі. Франчайзи бизнесті франшиза бойынша жүргізу ережелерін басшылыққа алуға тиіс жэне франчайзер өткізетін жарнама, маркетинг науқандарына қатысуға тиіс. Франчайзер бәсекелес күресте жалғыз франчайзидің қолынан келуі қиын көшбасшылыққа ұмтылып жұмыс істейді. Франчайзер франчайзидің барша назарын өзінің күнделікті операцияларына аудара алуы үшін қажетті қолдау көрсетеді.

Франчайзер тарапынан өзара әрекеттесудің және қорғаудың осындай деңгейіне жету үшін, франчайзи франчайзермен өзара ерекше қарым-қатынастар қалыптастыруға тиіс. Бұл қарым-қатынастар жеткілікті дэрежеде күрделі, бірақ бұл жағдайды барлық маңызды мәселелер бойынша сарапшылар көмек көрсететін президенттің жағдайымен салыстыруға болады. Президент — ол франчайзи. Президент аталған бизнес үшін жауапты. Бірақ президент ешқашанда барлық мәселеде дара маман бола алмайды. Президенттің әрдайым техникалық мәселелер бойынша сарапшылары болып табылатын кеңесшілер тобы бар. Бұл адамдар президенттің өздерінің беделі мен тәжірибесін бағалайтынын, әрі олардың кеңестеріне құлақ асатынын түсінеді. Президент болу үшін, франчайзи төмендегі жеті талапты орындауға тиіс:

1) толықтай президенттің көзқарасын, оның осы бизнестегі мақсаттары мен құндылықтарын қабылдауға тиіс; 2) франчайзерге сенуге және құрметтеуге, ал, өз кезегінде, франчайзердің өзіне деген құрметі мен сенімін тудыруға тиіс; 3) шартта көзделген, айқын белгіленген ережелер мен міндеттерді қабылдауы керек, өйткені шартқа қол қойылғаннан кейін олар ешқандай өзгертулерге және толықтыруларға жатпайды; 4) франчайзермен жұмыс істеуге, араласуға ұмтылуы, өзін бизнеспен белгілі бір міндеттер арқылы байлауға, оған жақсы уақыттарда да, жаман уақыттарда да адал болуға тиіс; 5) франчайзер белгілеген операциялық іс-амалдар мен стандарттарды орындауы қажет; 6) бизнеске жаңа идеялар енгізу (франчайзердің келісімімен) және тұрақты түрде бизнеске күш-жігер салу жолымен жүйенің бір бөлшегіне айналуы керек.

Франшиза сатып алуға мүдделі кез келген адам өзі үшін осындай өзара қарым-қатынастардың қолайлы немесе қолайлы еместігі туралы мәселені шешіп алуға тиіс. Франчайзер франчайзиге қатысты өзіне міндеттемелер алады және кәсіпкерді франчайзи ретінде қабылдайды, сөйтіп, франчайзер: «Мен сізге сенім артамын, сіз біз үшін жақсы салымсыз, мен франшиза заңдарын орындайтыныңызға сенемін, ал мен, егер франшиза заңдарын ұстанатын және біздің тәжірибеміз бен білімдерімізді қабылдайтын болсаңыз, сіздің бизнесіңізді қорғаймыз және өзіңізді бай да бақытты етеміз деп уәде беремін», — дейді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

Вконтакте

Facebook

Twitter

Мой мир

ikaz.info